Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зеленский Ресей қарулы күштерін Украинада 570 медициналық мекемені жойды деп айыптады

Зеленский Ресей қарулы күштерін Украинада 570 медициналық мекемені жойды деп айыптады

Украина армиясы Ресейдің логистикалық кемесін зақымдағанын хабарлады.

Жергілікті әскер су көлігіне «Змеиный» аралының маңында соққы берген. Алайда, ресми Мәскеу бұл оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Одесса аймақтық әскери әкімшілігінің хабарлауынша, шабуылға ұшыраған су жаңа кеме өртке оранған. Кейбір бақылаушылардың пікірінше,«Змеиный» төңірегінде қайта басталған қақтығыстар Қара теңіздің батысы үшін шайқасқа ұласуы мүмкін.

Президент Владимир Зеленский болса, Ресей қарулы күштерін ақпанның 24-нен бері Украинада 570 медициналық мекемені жойды деп айыптады. Солардың ішіндегі 11 аурухана түгел қираған. Дегенмен, Ресей азаматтық нысандарға шабуыл жасады деген деректерді үнемі жоққа шығарып келеді.

Бұл жанжал ел экономикасына зор шығын әкелді. Украина қаржы министрлігі көрші ел әскерімен ұрысқа 8,3 миллиард доллар жұмсалғанын мәлім етті. Сонымен қатар, министрліктің есебінше, елде сәуір айына жоспарланған салықтың 60 пайызы ғана жиналыпты.



Дереккөз: qazaqstan.tv