Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Электронды темекі денсаулыққа зиян

Электронды темекі денсаулыққа зиян

Вейпинг немесе электронды темекілер жастарымыздың денсаулығына нұқсан келтіреді. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жалпы отырыста вейпингке салықты көтеру туралы айтылғанда вейпингтің зияны елге кіретін табыстан асып түсетінін айтып, әріптестерін болашақта вейпингтің зиянын зерттеп, елге кіргізуге тыйым салуды айтты.

*****

Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. «Келесі ұсынылып отырған өзгеріс – цифрлық майнингке салық салуды күшейту. Жыл басынан бастап тұтынылған электр энергиясының 1 кВт-сағатына 1 теңге мөлшерінде цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді. Электр энергиясының құны бойынша жүктемені теңестіру, сондай-ақ отандық электр энергиясына қатысты сараланған мөлшерлемелер ұсынылады. Электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Бұл ретте, қайта қалпына келетін көздерден өзі өндірген электр энергиясы үшін қолданыстағы деңгейде төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған», - Әлібек Қуантыров. Бұдан бұрын аталған заң жобасын бірінші оқылымда талқалау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды.
*****

Ел Ата Заңы халық қолдаса ғана өзгертіледі. Мұндай пікірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты.
*****

Банк операторларына клиенттердің деректері берілмейді. Қазақстанда келісім базасы жасалды. Енді соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Оператор клиентке қызмет көрсетпестен бұрын оның телефон нөмірін сұрайды және сол нөмірге смс-код келеді. Код енгізілгеннен кейін ғана оператор дербес деректермен жұмысын бастай алады.