Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ толық алынып тастала ма — министрлік жауабы

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ толық алынып тастала ма — министрлік жауабы

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ толық алынып тастала ма — министрлік жауабы
 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте оқушылар үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ мәселелері бойынша үлкен аналитикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

— БЖБ мен ТЖБ Қазақстан Республикасының білім беру стандартында қарастырылған критериалды бағалау жүйесі. Сондықтан біз стандартқа диктант, шығарма, мазмұндама секілді жеке бақылау жұмыстарын енгізіп жатырмыз. Сол себепті БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тартамыз деп ойлаймыз. Мұндай өзгерістерді енгізу үшін нақты негіздеме мен жан-жақты сараптама қажет, — деді министр.


Сонымен қатар спикер биыл Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті 2025–2026 оқу жылындағы 1–11 сыныптар бойынша тек БЖБ мен ТЖБ-ға қатысты талдау жүргізіп, тапсырмалар мен жауаптарды қарастырғанын атап өтті.

 Алайда кейбір жүйелер БЖБ мен ТЖБ жауаптарын жүктемейді. Сондықтан тамыз конференциясына дейін қай сыныптарда бұл жүйе сақталатынын, ал қай сыныптарда басқа бағалау түрімен алмастырылатынын нақты айтамыз, — деп толықтырды ведомство басшысы.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі