Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақ» газеті қазақ қоғамы үшін энциклопедиялық басылым деңгейінде қызмет атқарды

«Қазақ» газеті қазақ қоғамы үшін энциклопедиялық басылым деңгейінде қызмет атқарды

«Қазақ» (1913-1918) газеті хақында
Қазақ радиосының  «Ұлт ұстазы» хабары XX ғасыр басында төте жазу алғаш сыналған «Қазақ» газетінің қазақ мәдениетіндегі орны, қазақ тілін дамытуындағы маңызы мен атқарған рөлі жайлы әңгіме қозғаған еді.
Хабардың қонағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызы.

Бағдан Қатайқызы: «Иә. «Қазақ» газетінің бас шығарушысы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Бұл қазір көпке танымал дерек болып саналады. Ал газеттің рөлі, әрине, қай жағынан алып қарасаңыз да, керемет болды деп айтсақ болады. Себебі, «Қазақ» газеті «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттеріне қарағанда, 20-ғасырдың басында жарық көрген жалпыұлттық газет еді.

«Қазақ» газеті сол кездегі қазақ қоғамы үшін энциклопедиялық басылым деңгейінде қызмет атқарды. Сондықтан,  әрине, «Қазақ» газетінің басқа басылымдарға қарағанда, шоқтығы биік. Ол біріншіден, қазақтың қара тілімен жазылды. Байтұрсыновтың сөзімен  айтқанда,  «ғарабы, татар сөздері араласқан қоспа тілден гөрі қазақтың қара тілімен жазылды. Егер осынымыз ұнамайтын болса, кешірім өтінеміз. Бірақ біз бұл бағыттан таймаймыз», - деген еді.

Бұл газет төл қазақ тілінде шыққан, аударма емес,  газет болды. Газеттегі аударма материалдардың  өзінің барынша  қазақша жеткізілуіне ден қойылды. Материалдарың көбі «түпнұсқа» деуге болады. Ал «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты», негізінен,  аударма газеттер болса, «Қазақ» газеті жалпыұлттық деңгейге көтерілген тұңғыш басылым деп айтып жүрміз.  Оны жалпыұлттық деңгейге көтерген, біріншіден – тілі. Екіншіден, «Қазақ» газетінің көтерген мәселелерінің барлығы дерлік қазақтың сол кездегі қоғамына қажетті, өте өзекті мәселелерді қозғауына байланысты болып келеді.  Сол себепті «Қазақ» газеті біздің халықтың санасында қазақтың мүддесін көтерген, қазақ үшін мәселенің дұрыс шешілуін көздеген басылым ретінде қалған.  Шын мәнісінде  де, солай.  Яғни, «Қазақ» газеті бес жыл бойы қазақтың керегін өтеген, жоғын жоқтаған газет деп нақты айтуға болады.

Редактор-жүргізуші - Толқын Сұлтан.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.