Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Израиль мен Палестина атысты тоқтатуға келісті

Израиль мен Палестина атысты тоқтатуға келісті

Израиль мен палестиналық «Ислам жиһады» атысты тоқтатуға келісті. Бұл ымыра өткен түні жергілікті уақытпен сағат 23:30-да күшіне енді.

Қақтығыс жұма күні Газада «Ислам жиһадының» жоғары шенді қолбасшысы өлтірілгеннен кейін басталды. Ал сенбіде Израиль осы ұйымның тағы бір басшысын мерт қылған.

Әскери жанжал барысында Израиль армиясы Газаға соққы берді. Бұған ашынған қарулы ұйым Израиль қалаларына жүздеген зымыран жіберген.

Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің шабуылдарынан Газада 43 палестиналық қаза тапты. Олардың жартысына жуығы - бейбіт тұрғындар. Құрбандардың ішінде балалар да бар.




Дереккөз: Qazaqstan.tv