Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтың айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың гектар көрсеткен. «Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, прокуратура органдарында 698  мың гектар  жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр»,- деді министр.

*****
«Қазақстан халқына» қоры студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 білім грантын береді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. «Қазақстан халқына» Қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге. Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді. Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлері Қордың qazaqstanhalqyna.kz сайтында  жазылған.
*****
Бұрынғы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің орнында дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ, деп хабарлайды Pavlodrnews.kz. Бұл туралы  Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов айтты. Оның сөзінше, бірінші қабатта дәрігерлердің балаларына арналған балабақша салу жоспарланып отыр.
*****
Өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджеті – 867 млрд 234 млн теңге. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев мәлім етті. «Іс жүзіндегі түсімге жүргізілген сараптамаға сәйкес, жергілікті кіріске қатысты жоспарды болжаммен 50 млрд теңгеге арттыра отырып, 534,8 млрд теңгеге жеткізу ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері – 40 млрд, салық емес түсімдер – 4,8 млрд , ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5,2 млрд теңгеге артық болады», - деді Қайсар Манқараев.
*****
Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды. Бұл гранттарға 90 адам үміттене алады. «Жыл сайын педагогикалық және басқа да басымдыққа ие мамандықтар бойынша мақсатты даярлауға облыстық бюджеттен білім беру гранттары бөлінеді. Биыл олардың саны 90-ға жетті. Оның ішінде 30 орын – «Педагогикалық ғылымдар» және 60 орын – «Денсаулық сақтау»,- деп мәлімдеді Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін үміткер құжаттарын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына тапсырады.