Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оқу-ағарту министрі мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарын тексеріп қайтты

Оқу-ағарту министрі мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарын тексеріп қайтты

Оқу-ағарту министрі  Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Бұл туралы ол  әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дайындық барысымен таныстым. Құрылысы 2018 жылы басталып, әлі күнге дейін аяқталмаған мектепте болдым. Былтыр қала әкімдігі жобалық-сметалық құжаттарын реттеп, нысан басқа мердігерге берілген еді. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Ұлы Дала мен №39 көшелерінің қиылысында орналасқан мектеп биылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - деп жазды министр.

*****
Осы жылдың 7 айында 1 491 есірткі қылмысы тіркелді.  Бұл туралы «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар тақырыбында өткен брифингте  ІІМ Есірткі кылмысына карсы іс-кимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты.
*****
Өткен аптада ел  аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты. «Өткен аптада 3 278 қылмыс жасалды. Оның ішінде 1 978-і тәулік ішінде ашылды», - деді ведомства  өкілі.
*****
Ақмола облысында 655 адамды кене шақты. оның  247–сі -  бала. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,   өткен 7 айда өңірде кене энцефалитінің төрт жағдайы және кене боррелиозының бір жағдайы тіркелді. «Сәуір айынан бастап өңірде 655 адамды кене шаққаны анықталды. Бүгінгі күні кене шағу жағдайы Көкшетауда – 221, Бурабай ауданында – 171 тіркелді.  Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты.
*****
Ел астанасында Мәңгілік ел даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарының  жүргізілуіне байланысты 14 қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді. City Transportation Systems компаниясы хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары Достық көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Осыған байланысты  бірнеше автобус, оның ішінде № 15, 21, 28, 32, 35, 43, 46, 50, 52, 54, 61, 70 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.