Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

"Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бүгінде ол "Казахстанская правда" мен "Егемен Қазақстанда" жарияланады. Яғни, бүгіннен бастап қаулы күшіне енді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 23 қыркүйектен басталып, биылғы 11 қазанында сағат 18:00-де аяқталуы тиіс", - деді Петров.