Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Президент Семей жұртшылығымен кездесіп, өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралайды. Абай елінде Президент қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керектігін айтты. Осы орайда, Президент Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажеттігін, аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеуді, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды.

*****
Мемлекет басшысы Семейдегі медицина университеті жанынан көпбейінді аурухана салу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен бірге Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырды.
*****
Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы туған жері Абай ауданында кең көлемде аталып өтілуде. «Абай ауданында іскер азаматтар мен жергілікті халықтың қолдауымен Кеңгірбай биге ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ жаңартылған Еңлік-Кебек кесенесінің салтанатты ашылуы болды. «Үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар Семей-Бөрілі-Қарауыл бағытында кезең-кезеңімен өтуде. Шара барысында, қазақша күрес, аламан бәйге, жорға жарыс, спорттық сайыстар мен гала концерт өтеді.
*****
Қазақстанда 100 және жүзден асқан 487 тұрғын бар. Оның 75-і Түркістан облысында. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы қаласы. Мұнда 100 жастан асқан 62 адам бар. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, өңірде 100 және одан жоғары жастағы 55 адам тұрып жатыр. 121 жастағы түркістандық қариядан бір жас кіші азамат Шымкентте өмір сүреді. Ал еліміздегі ең қарт кісілер тізімінде үшінші болып жамбылдық қария тіркелген. Оның жасы 119-да. Айта кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтеді. Қарттар күніне орай Астанада тұратын 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады.
*****
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ел Президентінің тапсырмасымен Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынайды. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі. Мәжіліс төрағасы дүбірлі дода алдында Қазақстан құрама командасы мүшелерімен арнайы кездесті. Оларға Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі. Іс-шара аясында Ерлан Қошанов Түркия Республикасының Президенті Режеп Таийп Ердоғанмен кездесті. Мәжіліс төрағасы Атажұрттан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен зор ықыласын жеткізіп, Түркияда алғаш рет өткізіліп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуымен құттықтады.