Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшу арзандайды

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшу арзандайды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетел лоукостерін тарту арқылы елімізде әуе көлігіне билет құны арзандайтынын айтты. 

«Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сондай-ақ лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, «ашық аспан» режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз. Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылмақ. Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр», - деді Қ. Өскенбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол еліміз арқылы транзитті әлемде танылған лоукостерлер жүзеге асыратынын нақтылады.


Фото: aerolatinnews.com