Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда тұңғыш рет тағайындалған «Айбоз» республикалық ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. 

Оған өтініштер осы жылдың 15 маусымынан бастап бірінші қазанға дейін қабылданды. 400-ден астам қаламгерден өтініш түскен. Қатысушылардың жасына, еңбек жанрына, жазу тіліне шектеу қойылған жоқ. Бастысы шығарманың мазмұны мен өзектілігі назарға алынды. Әдеби сыйлық жеті аталым бойынша тағайындалған еді. Бірақ «Үздік комикс» номинациясында жеңіп шыққан үміткердің еңбегі бұрын жарияланғандықтан бәйгеден алынған. Ал проза, поэзия, драма, көркем аударма, балалар әдебиеті мен кітаптың дизайны аталымы бойынша жеңімпаздар әрқайсысы 5 млн теңге сыйлыққа ие болды. Үздік шыққан авторлардың шығармалары басылып, кітапханаларға таратылады.

Айта кетейік, байқау төл әдебиетімізді тың дүниелермен толықтырып, оған  жаңа серпін беруді көздейді.

Ұлықбек Есдәулет, қазылар алқасының төрағасы:

- Мұнда жарияланбаған шығармалар сосын аты-жөні белгісіз жабық өткен конкурс болды. Кім қатысып жатыр? Оның жасын да білмейміз қазылар алқасы. Қазылар алқасының өздері қазылықта кімдер барын өздері білмейді бәрі құпия ұсталды. Мұндай жобалар осындай кезеңде жұрттың рухани жұтаңдықтан қорғанып отырған кезеңінде өте қажетті байқау деп атар едім.

Батырхан Сәрсенхан «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының иегері:

- Мен «Жұмбақ арал» деген поэмамен бақ сынасқан болатынмын. «Жұмбақ арал» мәңгілік балалыққа, яғни мәңгілік жан дүниенің  тазалығына шақыру. Тазалыққа үндеу. Адамдардың рухани болмысының пәк болуын таза болуы жайлы поэмам болатын. Осы поэмам топ жарды.


Фото: 24.kz