Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Семейде есірткі тасымалдайтын "курьер" ұсталды

Семейде есірткі тасымалдайтын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Кездесуде Қазақстан өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды. Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.

*****
Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдау үшін 1 603 вагон әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Оның атап өтуінше, өткен жылдардағы тасқын суларды өткізу тәжірибесін талдау арқылы барлық өңір бойынша 673 қауіпті орынның тізбесі анықталды.
*****
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев атап өткендей "Ақпан айынан бастап  елде 5 742 су өткізгіш құбырлар қардан тазартыла бастайды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражаттан жүргізіледі»,- деді Марат Қарабаев.
*****
Қаңтар айының  соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. «Өткен жылдың  наурызында  автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді», - деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.
*****
Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасында тікелей рейстер қайта ашылады. Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай  Әзірбайжан әуе компаниясы 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен, сондай-ақ 11 наурыздан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.
*****
Семейде  мектептердің бірінің жанында есірткіні «тастап кетіп жүрген» адам ұсталды. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз өткізді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Ол интернет-дүкенде психотроптық заттарды тасымалдайтын «курьер» болып шықты», - делінген ақпаратта. Күдіктіні тінту кезінде  одан 9 дана полиэтилен орама тәркіленді. «Алынған «меф» психотроптық затының жалпы салмағы 9 грам. Бұл ірі көлем саналады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Фото: shutterstock