Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл кәсіпкерлердің салық жүктемесі төмендейді

Биыл кәсіпкерлердің салық жүктемесі төмендейді

Ол үшін екі бұйрыққа өзгеріс енгізіліп жатыр. 

Қазір кәсіпкерлер толтыратын құжат көп. Әсіресе шеттен тауар таситындар мен өнімін экспортқа шығаратын бизнес өкілдері тау-тау қағаздың астында қалған. Тіпті бір деректі бірнеше құжатқа қайталап енгізуге мәжбүр. Тауар-көлік жүкқұжаты, кедендік жүк декларациясы, келісімшарт, тауардың спецификациясы, екі түрлі шот фактура. Тауарларды әкелу мен жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, Кеден одағының шешімі сынды құжаттар тағы бар. Мұнан бөлек Тауарларға ілеспе жүкқұжат пен виртуалды қойма жүйелерін толтыру қажет. Сарапшылар бұл бизнеске түсетін қосымша салмақ екенін айтады.

"Шағын кәсіпкерге бұл құжаттарды толтыру оңай емес. Өйткені бізде қойылатын талаптар өте көп. Сондықтан олар бухгалтерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ал есепшінің қызмет құны 50 мың теңгеден басталады. Толтыратын құжаттар саны көбейген сайын қымбаттай түседі", - деді Роман Кочеров

Ал бизнес иелері бұл шығынды тауар құнына қосып, салдарынан инфляция артады. Оның үстіне, өнімі қымбат кәсіпкердің нарықтағы шетелдік компаниялармен бәсекеге түсуі де қиын. Сондықтан салықты әкімшілендіру жүйесін қайта қарау керек дейді мамандар.

"Салық органдары салықты әкімшілендіруге кететін шығынның бәрін кәсіпкерге артып қойды. Бұрын бір бухгалтер істейтін жұмысты қазір екеуі әрең атқарып жүр. Екі маман бітіретін жұмыс 3-4 адамға жүктеледі. Оның үстіне кәсіпкер қомақты қаражат төлеп тәжірибелі маман жалдауға мәжбүр. Себебі құжаттар дұрыс толтырылмаса одан да көп шығынға батады", - дейді Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов

Ал, Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің арыз-шағымдарын ескеріп, заңға өзгерістер енгізгенін жеткізді. Жаңа нормалар дүниежүзілік тәжірибелерді ескере отырып жасалған. Цифрлық шешімдерге басымдық берілгені де айтылды.

"Атамекенмен бірігіп 30-шы желтоқсанда, жылдың аяғында меморандумға қол қойдық. Мысалы, жүк тасымалдағанда жүк тасымалдайтын электронды құжатты қазір оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Екі бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатыр. 1 наурызға дейін бәрін қабылдап, сол процесті жеңілдетеміз", - деді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов


Фото: stan.kz