Отандық өнім: кәсіп және кәсіпкер
Отандық өнімді қолдау шаралары мемлекет назарынан тыс қалмаған. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да дәл осы уақытта «Парыз» және «Алтын сапа», сондай-ақ «Ұлы дала елі» сыйлықтары табысталып, кәсіп иелерін ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. «Ой-түйін» эфирінде осы тақырып арнайы қозғалып, кәсіпкерлердің жұмысы, қолдау шаралары жайлы ақпарат айтылды.
Спикерлер: "MED 365" компаниясының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі, экономикалық сарапшы Ғазиз Құлахмет, "Алтын орда" ЖШС-нің директоры Нариман Абжанов, Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы өңірлік кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Ұйғын Абишев («Азия Бренд» компаниясының директоры)
Хабар жүргізушілері: Азамат Жомартұлы және Жанболат Шәкім.