Бренд пен ребрендинг
Қазіргі кезде “Brand” тақырыбы кез - келген адамға қажет құралға айналуда.
Бренд туралы - сауда белгісі немесе біздің бренд деп жүргеніміз — белгілі бір компанияны еске түсіретін таңба және соған қатысты рекламмалық акция деп білетін едік. Негізі бренд тек қана логотип қана емес, сол лого - таңбаның астарында тұрғанның барлығы,оның ішіне бірінші кезекте сапасы тұрады. Ал ребрендинг дегеніміз не? Студияға келген эксперттің сөзімен айтқанда: ”Rebranding” - бұл компанияның сыртқы бейнесін, философиясын өзгертіп, компанияның жаңа идеологиясын қалыптастыру. Қызықты иә? Сонымен қатар,қазіргі таңда әр адам жеке бренд ретінде қалыптасатын заманда тіпті,әр адамға білу тиіс ақпарат дер едім.
Осы “Бренд пен ребрендинг” тақырып аясында, хабарға тұрақты спикер, белгілі бизнес - тәлімгер, инфожобалар менеджері, продюсер Жәнібек Әл - Тарази қарапайым тілмен түсінікті етіп, ауқымды тоқталып кетті. Ендігі кезекте,толығырақ,радионың сайтында сақталған аудионұсқасын тыңдаймын десеңіз, төмендегі сілтеме арқылы өтесіз.
Бағдарламаны эфирге дайындап,жүргізген хабардың авторы әрі жүргізушісі @Lyazzat_Teeshbekkyzy