Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды

Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды

Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды. Аурудың бұл түрі шығыста осы аптада өршіді. Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.

Елде 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды

Жалпы елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері осындай мәлімет таратты. Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді. Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді. Қызылша Қырғыз елін де діңкелетіп тұр. Онда вирустың екінші толқыны басталды. Індеттің таралуы Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында жиілеген. Жыл басынан бері бұл елде қызылша жұқтырудың 5 мыңнан астам дерегі тіркелген.



Фото: gov.kz