Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін Абай облысындағы Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады Qazaqstantv.

Ресей аумағынан басталған өртті мамандар 3 тәуліктен бері өшіре алмай жатыр. Тілсіз жау қарағайлы орманның 3500 гектарын жайлаған. Қызыл жалынмен күреске 600 адам, 130-дан астам техника жұмылдырылған. Кеше қосымша Астана, Қарағанды мен Павлодардан 200-ден астам адам мен 40-қа жуық өрт сөндіру көлігі көмекке келді. Өрт тікұшақтармен әуеден сөндіруге де ырық бермей тұр. Желдің екпіні және сулы-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалысын қиындатқан. Елдімекендерге әзірге келер қауіп жоқ. 277 тұрғын өз күштерімен қауіпсіз жерге кеткен. Төтенше жағдайға орай Бородулиха ауылында 330 орынға 3 эвакуациялық пункт дайындалды.


Фото: zakon.kz