Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыдағы неміс театры қазақ радиосының неміс редакциясын 65 жылдығымен құттықтады

Алматыдағы неміс театры қазақ радиосының неміс редакциясын 65 жылдығымен құттықтады

Алматыдағы неміс театры қазақ радиосының неміс редакциясын 65 жылдығымен құттықтады. 


«Этникалық топтың БАҚ-ы болса, оның болашағы бар. Бұл сөзді 18 жылдан бері Қазақ радиосындағы неміс бағдарламасының жалғыз әрі тұрақты жүргізушісі Татьяна Серғазықызы Жанділдина айтқан. Немістерге арналған бағдарлама алғаш рет 1958 жылы мамырда жарық көрді. Бүгін біз оны 65 жылдық мерейтойымен шынжүректен құттықтаймыз.


Неміс театрының 42 жылдық тарихында өмірі неміс радиосымен тығыз байланысты. Біздің жағдайда «бірбесіктен» деген сөзорынды. Неміс театры да, неміс радиосы да ұлттық дәстүрлерін, тіл мен неміс мәдениетін өз миссиясын сақтау және насихаттауда көреді.  Сонымен қатар, 90-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басындағы қоныс аударудың үлкен толқынынан кейін неміс радиосы да, неміс театры да аман қалып, белсенділігін сақтап, өз көрермендерін жоғалтпады. Біздің ортақ достарымыз бен серіктестеріміз бар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстандағы Гете институты, Қазақстан-Герман университеті, «Возрождение» қоғамдық қоры, Германияның Елшілігі және Бас консулдығы.


Біз неміс радиотолқынымен достығымызды өте жоғары бағалаймыз, оның жүргізушісі Татьяна Жанділдинаны өте қадірлеп, құрметтейміз. Бейнесінде көп диаспоралы қазақ болмысы айнадай шағылысқан осы ғажап әйел неміс тіліне деген сүйіспеншілігін өз мамандығына айналдыра отырып, оны Қазақстандағы неміс диаспорасы үшін пайдалы әрі қажетті етуге мүмкіндік тапты.


Татьяна Серғазықызы мен оның «Достық» бағдарламасындағы әріптес этножурналистердің ынта-ықыласы арқасында Қазақстандағы ең ірі этникалық диаспоралардың ө зредакциялары бар. Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық бәтуаны, толеранттылық пен бейбітшілік саясатын қолдайтын «Достық» редакциясы бір мезгілде сегіз тілде: неміс, ұйғыр, украин, түрік, өзбек, татар, қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын әлемдегі жалғыз редакция болғанын қазақстандықтар мақтан ете алады.


Біз бағдарламаның өркендеуіне, аудиториясының, соның ішіндеҚазақстанға оралған этникалық немістердің арқасында көбейе беруіне шын жүректен тілектеспіз.  Тек жақсы жаңалықтар, өнерлі қонақтар, қызықты оқиғалар, жақсы әуен тілейміз!


Сондай-ақ биыл 10 жасқатолатын «ШекарасызҚазақстан» бағдарламасына ынтымақтастық пен достық үшін және немістің «Көпірлер» («Bruecken») бағдарламасына ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.


Айтарымызды Татьяна Жанділдинаның тағы бір сөзімен аяқтағымыз келеді: «Немістер Қазақстанның дамуына орасан зор үлесқосты және қазір де қосуда – олардыңөз БАҚ-ына құқығы бар», - делінген құттықтауда. 



Неміс радиосына сәттілік, қуаныш, табыс, тілейміз!  Әр дүйсенбі сайын 101 FM арнасында сағат 16:30 бен 17:00 арасында qazradio.fm  сайтынан тыңдаңыздар.