Наполеонның бас киімі аукционда 2 миллион еуроға сатылды
Француз императоры І Наполеон Бонапарттың қалпағы Франция астанасы аумағындағы Фонтенбло коммунасында өткен аукционда 1,9 млн еуродан астам ақшаға сатылды. Бұл туралы Osenat аукцион үйі мәлім етті, деп хабарлайды "qazradio.fm" Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Француз императоры Наполеон Бонапарт киген танымал қалпақтардың бірі Франция астанасы аумағындағы Фортенбло коммунасында жексенбі күні болған аукционда 1 932 000 еуроға сатылып рекорд орнатты. Қалпақ шамамен 1810 жылдан бері сақталып келеді.
Аукцион үйі сайтындағы ақпарат бойынша, әуелде лот 600-800 еуроға бағаланған.Ақ-көк-қызыл кокардамен безендірілген, киізден жасалған бас киім Жан Луи Нуазье топтамасындағы Наполеон заттарының ішінде ең қымбатқа сатылды.
Былтыр қайтыс болған француз өнеркәсіп иесі топтаманы жарты ғасырдан астам уақыт жинаған. Аукционға қойылған басқа заттардың қатарында 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі айқаста жеңілгеннен кейін оның күймесінен ұрлап әкетілген күміс тәрелке мен ұстара, күміс тіс щеткасы, қайшы мен басқа да жеке заттары салынған үстел болды.
Фото: 24smi.org