Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жыл соңына дейін теміржолшылардың демалуына арналған 100 астам жылжымалы ғимарат орнатылады

Жыл соңына дейін теміржолшылардың демалуына арналған 100 астам жылжымалы ғимарат орнатылады

Жыл соңына дейін теміржолшылардың демалуына арналған 100 астам жылжымалы ғимарат орнатылады.


ҚТЖ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысы жолмен байланысты желілік кәсіпорындар теміржолшыларының тұруы мен демалуына жылжымалы ғимараттар орнатады.

Бүгінгі таңда магистральдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау бөлімшелерінің жол шаруашылығы кәсіпорындарында 29 модульдік ғимарат орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде 102, 2024 жылы 113 пайдалануға дайын болады.

Магистральдық желі дирекциясы кәсіпорындарының қажеттілігіне қарай сыйымдылығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.

Жылжымалы ғимараттарды монтаждау қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Орнатудың қарапайымдылығына қарамастан, барлық қажетті инженерлік коммуникациялар мобильді ғимараттарға қосылады. Сонымен қатар, олар жиһазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін қажет басқа да заттармен жабдықталған.

 #ҚТЖ 


 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі