Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 609 млн теңге жалақы төленген
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Облыстық Білім басқармасы ақшаны тек қағаз жүзінде ғана тіркелген 13 адамның атына аударып отырған. Осы дерек бойынша 6 есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біреуіне сот үкімі шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге көлеміндегі шығын мемлекетке қайтарылды.
Фото: vera.kz