Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балалар әндері антологиясы жарық көрді

Балалар әндері  антологиясы жарық көрді

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен «Қазақстандағы заманауи балалар әндері антологиясының» тұсау кесер рәсімі өтті.
    «Балапан саз» заманауи балалар әндері антологиясын жарыққа шығарудың  басты мақсаты соңғы 25 жылда балалар тақырыбына ән жазып жүрген авторлардың туындыларын жинақтап, балабақша мен мектеп бағдарламасына қосымша көмекші құрал ретінде ұсыну.

«Өнер» баспасынан жарыққа шығатын антологияға енгізілетін 22 автордың балаларға арналған әндері-тақырыбы, әуені мен мәтіні бала жасына лайықталып жазылған туындылар. Балалар ән байқауларында орындалып жүрген және әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралған әндер мен жаңадан жарыққа шыққан балалар әндері.  
Алғашқы басылым 500 тиражбен шығады. Жинақтың балалар әндерін іздеуші музыка мамандарына, өнерпаз балаларға берері мол. Әрі музыка тарихындағы тың жаңалық.

Тұсау кесер рәсімге Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының ғалымдары, балалар ақын-композиторлары, музыка пәні мұғалімдері, музыка жетекшілері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

«Балапансаз» антологиясын құрастырушы - балалар әндерінің насихатшысы, мәдениет қайраткері, «Ы. Алтынсарин төс белгісінің» иегері, ағартушы-педагог Алтын Маханбетова.