Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан делегациясы осы аптада Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысады

Қазақстан делегациясы осы аптада Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысады

Түркияның Ыстамбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын хабардар етті.

Дирекция жетекшісі Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңызын ескере отырып, ашылу және жабылу салтанаты мен сайыс барысын әлемнің жетекші телеарналары арқылы тарату мәселесін де ортаға салды.
Біләл Ердоған тараптар арасындағы әріптестік қатынастың артқанын айта келе, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорт қозғалысын әлемдік деңгейде насихаттаудағы ұтқыр жобаларының бірі екеніне айрықша мән берді.

Жиында Қазақстан делегациясының 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды.  
Ыстамбұлдағы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде өткен кездесуге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері де қатысты.

2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».