Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосы ақпараттық-танымдық бағытқа басымдық береді

Қазақ радиосы ақпараттық-танымдық бағытқа басымдық береді

Ғасыр жасаған Қазақ радиосының жылдар бойы қалыптасқан, өзіндік салған дара жолы, дәстүрі бар. Сол игі дәстүрді жалғастырып, тыңдаушының таным көкжиегін кеңейту үшін, ақпараттық-танымдық бағытқа басымдық береді.  

Алдымен, хабар саны азайып, бағдарламалардың уақыты қысқарды. Эфирде 40-50 минут жүретін хабарлар 15-20 минутқа дейін азайды. Қысқа да, нұсқа болуына мән береміз. Шалқар радиосы әдеби, мәдени жанрларға арналса, Қазақ радиосы ақпараттық-танымдық бағдарламаларға басымдық беруде. Солардың бір парасына тоқталсақ.
Ел ғалымдарының жаңа ғылыми жобалары, бағыты мен салаға тигізер пайдасы туралы «Ғылым KZ» хабары эфирге шықты. Күнделікті қолмен ұстап, көзбен көріп жүрген түрлі техника мен қарапайым заттардың шығу тарихы жайындағы «Ең алғаш» хабары тыңдаушыға жол тартты. Атағы әлемге жайылған, ғұмырын өнерге арнаған әйгілі есімдер туралы «Мега жұлдыз»  хабары тың тақырыптар ұсынбақ. Жаһан назарын аудартқан шаһарлар туралы «Әлем астаналары», майталман маман болуға баулитын «Мамандық», спортсүйер қауым үшін «Спорттайм»хабарларын ұсынбақпыз. «Өркениетті өзгерткендер» хабары әлем біртуарлары туралы ақпарат ұсынса, «Авто шолуда» автоблогер Олжас Оқас көлік жүргізушілерінің жолсерігіне айналмақ. Ақын Қалқаман Сариннің “Уақыт сөзі” хабары, сұхбат жанрында тыңдаушыға толымды ой айтып, рухани көкжиегін кеңейтеді деген сенімдеміз. Алда басқа да жаңа жобалар ашылады.

Енді музыкалық саясатқа келер болсақ, бұл бағыт бойынша біршама өзгерістер бар. Бабадан келе жатқан толғау,-термелер, күйлер, классикалық және ретро әндермен қатар заманауи қазақ музыкасына да көңіл бөліп, жаңа әндердің қатарын көбейтіп, тыңдаушы талабына сай жас орындаушылардың да әндерін эфирден ұсынады. Мақсатымыз Қазақ радиосының аудиториясын кеңейтіп, жастан кәріге дейін тыңдайтын радиоға айналдыру.
Тағы бір жақсы жаңалық, радиоарнаның барлық джинглдары мен имидждік аудиороликтерін толықтай ауыстырып, жаңаша мазмұнда жаңғыртып  жатырмыз.