Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды
Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл жолы Щучинсктегі жанармай құю бекетінде жеңіл көлік жүрізушісі «жол бермеді» деп жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Ал жедел жәрдем бригадасы науқасқа асығып бара жатқан.
Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктінің үстінен Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: pixabay.com