Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев  Қазақстанға қайта келді

Ол бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» шарасына қатысады.

Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Мың алғыс» шарасында Жәнібектен бөлек, 1930 жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.