Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген

Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл басынан бері ең көп тіркелген интернет алаяқтық түрлерін атады.


«2 айда 3 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Біздің елде интернет алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі белгілі сауда алаңдары мен чаттарында, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде хабарландыру мен жарнамалар арқылы жасалатын интернет сауда. Әдетте алаяқтар өз қызметінің немесе тауардың бағасын нарықтағыдан төмен етіп көрсетіп, алдын ала төлем сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді», - деді орталық бастығы.


Оның сөзінше, алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға:

  • Біріншіден, тексерілген жаранама сайттарын пайдалану керек;
  • Екіншіден, тауарды қолға алғаннан кейін ғана төлем туралы келісу қажет;
  • Үшіншіден, тауардың бар екеніне бейнеқоңырау арқылы көз жеткізу керек. Тауар басқа қалада болса сондағы туыстарыңыз бен таныстарыңыз арқылы алғызу қажет. Сондай-ақ, ол қазақстандықтар күмәнді брокерлік компанияларға, жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына қатысудан шектелмей келе жатқанын айтты.

«Жыл басынан бері 300-ден астам қазақстандық осындай схемаларға алданған Олар өз ақшаларын өмірде жоқ жобаларға салды. Кейбірі тіпті несие алып салған. Алаяқтар ұлттық компаниялардың банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайт құру арқылы азаматтарды адастыруда», - деді ол.

«Келесі кең таралған әдіс – банктер мен құқық қорғау органдарының, басқа мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан шалынатын телефон қоңыраулары», - деді Жандос Сүйінбай.



Дереккөз: inform.kz