Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлытау облысындағы ауылдан 30 отбасы тасқын суға байланысты қауіпсіз жерге көшірілді

Ұлытау облысындағы ауылдан 30 отбасы тасқын суға байланысты қауіпсіз жерге көшірілді

Ұлытау облысының Жезді ауылында 10 үйді, Талдысай ауылында 8 үйді су басты. Жезді ауылында төтенше жағдай жарияланды.


Наурыздың 28-не қараған түні Ұлытау ауданының Жезді ауылында 10 үйді су басып, 26 отбасы қауіпсіз жерге көшірілген еді.


Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезді кентінде баспанасын су басқан азаматтармен кездесіп, шығынға ұшыраған отбасылар уақытша орындарға көшірілетінін, төтенше жағдай аясында барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.


«Зардап шеккен отбасылар түгел қауіпсіз жерге көшірілсін. Мәселені түске дейін шешуді тапсырамын. Мердігер анықталып, сараптама жасалған соң барлық шығын өтеледі» - деді өңір басшысы өз сөзінде.


Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органнан 15, Төтенше жағдайлар департаментінен 50-ге жуық, Полиция департаментінен 30-дан астам қызметкер, жалпы саны 13 техника мен 3 сорғы жұмыс істеуде.


Сондай-ақ, кеше түнгі сағат 22:30-да Ұлытау селосына қарасты Талдысай елдімекенінде қардың қарқынды еруіне және жер асты суының көтерілуіне байланысты 8 жеке үй су астында қалып, су деңгейі 50 см-ге жеткен болатын.


Жергілікті атқарушы органның 30-ға жуық қызметкері, ТЖ департаменті мен Полиция департаменті қызметкерлерінің арқасында және жалпы саны 6 техниканың күшімен Жезді кентіне 20 адам (оның ішінде 5 бала және 7 әйел) эвакуацияланған. Сондай-ақ қауіпсіз жерге жүзден астам ІҚМ мен ұсақ мал шығарылды.



Талдысай елдімекенінен Жезді кентіне қоныстандырылған 8 үйдің иелері үшін екі ортаға таңертең және кешке көлік қатынайды. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен баспаналар шығыны өтеледі. Бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы үй-жайын қызыл су шайған талдысайлықтармен кездесіп, көрсетілетін көмек түрлерін айтты.




Фото: kaz.inform.kz