Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тунисте өткен халықаралық өнертабыстар конкурсында қазақстандық оқушы гран-при жеңіп алды

Тунисте өткен халықаралық өнертабыстар конкурсында қазақстандық оқушы гран-при жеңіп алды

22-28 наурыз күндері Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ғылым және өнертабыстар конкурсында 8-сынып оқушысы Куттыгалиева Адия  үздік ондық қатарында еніп, Гран При иеленді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.


Махдия қаласында оқушылар арасындағы өткен конкурс «THE INTERNATIONAL FESTIVAL OF ENGINEERING SCIENCE AND TECHNOLOGY IN TUNISIA (I-FEST - 2024)» тақырыбында болды.


Байқауға әлемнің 50 мемлекеті қатысты. Қазақстанның атынан Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №176 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Куттыгалиева Адия «Тик-ток клиптық ойлау жүйесінің жасөспірім балаларға кері әсері» атты тақырыпта ғылыми жобасын қорғаған.


Сондай-ақ, Адия әлемнің 50 елінен қатысқан жас өнертапқыштар арасында үздік 10 конкурсанттың қатарында қосылып, көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатып қайтты.


Мектеп ұжымы мен Алматы қаласындағы «Дарын орталығы» жеңімпаз қызды әуежайда ән-күймен, плакат ұстап салтанатты түрде қарсы алмақшы.