Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

СҚО-да соңғы екі айда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаған 100-ге жуық ер адам қамалды

СҚО-да соңғы екі айда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаған 100-ге жуық ер адам қамалды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 527 құқық бұзушылық тіркелді. Көп жағдайда еркектер әйелдерге қол көтеріп, ұрып-соққан.


Петропавлда «AMANAT» партиясы СҚО филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.


«Осы жылдың 2 айында облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың саны шамамен екі есе азайған. Сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстар 20% төмендеді», – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсия Әбжанова.


Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендердің 96-сы әкімшілік қамауға алынса, 60 адамға ескерту жасалған. Тағы бір адамға айыппұл салынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, оның ішінде балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынылады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерге тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, экономикалық, заң және басқа да бағыттар бойынша көмек көрсетілген.


«Зардап шеккендерге 6 айға дейінгі мерзімге баспанада уақытша тұру, мамандардың көмегі ұсынылады. Уақытша панажай Бескөл ауылында орналасқан. 20 орынға шақталған. 2021-2023 жылдар аралығында онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 175 құрбаны, оның ішінде ата-анасымен не заңды өкілдерімен жүгінген 98 бала қамтылды. Қазіргі уақытта баспанада 9 баласы бар 20 әйел тұрып, көмек алып жатыр», – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Серік Такумбетов.


2021 жылдан бастап СҚО-да «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда отбасы және неке, тұрғын үй қатынастары, еңбек заңнамасы, психологиялық көмек мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беріледі. Былтыр орталықтың көмегін 1823 отбасы алған.



Фото: kaz.inform.kz