Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды
Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Қазіргі уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені қауіпті деңгейге жеткен. Сондай-ақ, Жайық өзенінде де су көлемі артуда.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды.