Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті

Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті

Төтенше жағдай министрлігінің сағат 00:00-дегі ақпаратына сай, елімізде су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті.

"Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар" делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.


Фото: liter.kz