Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда пойыз билетін екі ай бұрын сатып алуға бола ма?

Қазақстанда пойыз билетін екі ай бұрын сатып алуға бола ма?

Алда жазғы демалыс келе жатыр. Сондықтан көптеген қазақстандық саяхатын алдын ала жоспарлайды. Дегенмен, қазіргі уақытта пойыз билеттерін кетуге 45 күн қалғанда ғана сатып алуға болады.

Пойыз билеттерін екі ай бұрын сатып алуға бола ма? Баспасөз қызметі төмендегідей жауап берді.

"Уәкілетті орган бекіткен еліміздегі теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күннен 1 тәулікке дейін, қала маңындағы поездарға – 10-нан 1 тәулікке дейін сатып алуға болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осылайша, билеттерді кем дегенде екі ай бұрын сатып алу мүмкіндігін арттыру әлі жоспарда жоқ.

Сонымен қатар, компания билет жоқ болса, bilet.railways.kz сайтындағы жеке кабинетіңіздегі "Күту парағы" функциясын пайдалануға болатынын еске салды.


Дереккөз: тengritravel.kz

Фото: ҚТЖ