Велотректен Ұлттық құрама Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Еліміздің атынан сынға түсетін спортшы кейрин және спринт жарысына қатыса алады.
Қазір ел қоржынында 51 лицензия бар.