Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аспаз, тігінші: Ерекше балалар болашақта кім болғысы келеді

Аспаз, тігінші: Ерекше балалар болашақта кім болғысы келеді

Ерекше қажеттіліктері бар 30-дан астам жасөспірім колледждерде кәсіби дайындықтан өтіп, пилоттық жоба аясында оқуларын аяқтады.

Астанада «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» пилотты жобасының түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті. 

Оқу-өндірістік комбинаттар немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар 7-11 сынып оқушыларына арналған мамандандырылған кәсіби алаңдар өз жұмысын 2024 жылдың басында Астанада Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және Менеджмент, бизнес және білім колледжінде бастаған.

Жобаның мақсаты – ЕБбҚ бар жасөспірімдерге әлеуметтік бейімделуге, кәсіптік білім алуға және жұмысқа орналасуға көмектесу. Оқыту “Тігін өндірісі және киімді модельдеу”, “Тамақтануды ұйымдастыру – аспаз”, “Тамақтануды ұйымдастыру – Кондитер” және “Сәндік-қолданбалы өнер” бағыттары бойынша өткізілді.



Фото: BAQ.KZ