Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда кредит пен шағын несиенің пайыздық ставкасы төмендейді

Қазақстанда кредит пен шағын несиенің пайыздық ставкасы төмендейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы ставканы төмендететін қаулы жобасын әзірледі.

Микрокредит бойынша сомасы 45 АЕК (166 140 теңге) дейінгі және 45 күнге дейінгі күнделікті номиналды мөлшерлеменің шекті мөлшерін 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендету ұсынылады.

Сонымен бірге жылдық тиімді ставканың шекті мөлшерін 179% деңгейінде белгілеу ұсынылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциалдық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаевтың айтуынша, жалақыға дейінгі қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер шамамен 3 есе төмендейді.

Бұған дейін қысқа мерзімді микрокредиттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша еш шектеу болмаған. Мұндай қарыздар бойынша шекті номиналды мөлшерлеме белгіленген.

Мысалы, 45 күнде 20% мөлшерлемемен нақты жылдық тиімді мөлшерлеме 346% болатын. Тәулігіне 1% және 20% ставка кезінде 20 күн ішінде ЖЭС 2 600% асады.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта банктер мен микроқаржы ұйымдарының кепілсіз қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 56%. Бұл мөлшер 2012 жылы белгіленді және содан бері қайта қаралмады.

Сондай-ақ, әзірленген қаулы жобасы банктердің кепілсіз кредиттері бойынша шекті жылдық мөлшерлемені 56%-дан 46%-ға дейін, кепілді кредиттер бойынша 40%-дан 35%-ға дейін төмендетуді көздейді.

«Кредит ставкасының төмендеуі халықтың борыштық жүктемесінің төмендеуіне ықпал етеді, яғни қазақстандықтар рәсімдейтін барлық жаңа қарыздар анағұрлым төмен мөлшерлемемен болады және тиісінше осы кредиттерге қызмет көрсету құны борыштық жүктеме сияқты төмен болады», — деді Дәурен Сәлімбаев.


Дереккөз: inform.kz