Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Telegram заң бұзғандардың деректерін тиісті органдарға жариялайды

Telegram заң бұзғандардың деректерін тиісті органдарға жариялайды

Әлеуметтік желі қызмет көрсету шарттары мен ереже бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін құқық қорғау органдарының ресми өтініші бойынша қауіпсіздік қызметкерлеріне береді. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді.

Telegram-дағы іздеу жүйесі заңсыз тауарларды насихаттауға емес, жаңа достар және көпшілікке арналған каналдар мен боттарды табуға арналған.

ҚР Бас прокуратурасы мәліметінше, биыл интернет-алаяқтық, лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау және оны насихаттау, сондай-ақ есірткі сату фактілері бойынша жалпы 15 мыңнан астам іс тіркелген. Кейбір қылмыстық әрекеттер мессенджерлер арқылы жүзеге асады, соның ішінде Telegram да бар.

Еске салайық, 24 тамызда Павел Дуров балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен Францияда ұсталып, кейіннен соттың қадағалауымен босатылды. Дуров Франция аумағынан шықпауға және 5 млн еуро көлемінде кепіл төлеуге міндеттелді.


Фото: tech.mail.ru