Астанада Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіш ашылды
Салтанатты шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұлы жазушыға арналған ескерткіш «Қазақ елі» монументі мен «Қаллеки»театрының ортасындағы бульварда бой көтерді.
Ескерткіштің авторлары — Тимур Ермұхаметов және Айдос Бүркітбаев. Монументтің биіктігі 9 метр 30 сантиметрді құрайды, мүсін қола мен граниттен жасалған.
Фото: baq.kz