Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінбек
Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінбек. Қаражат келесі жылдың бюджет жобасына енгізіліп отыр. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.
Сөзінше, қазақ тіліндегі мультфильмдерді шығарып, теледидардан бөлек, YouTube-қа жүктеу қажет. Себебі балалар интернетті көбірек таңдайды. Сондықтан YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норма заңға енгізілген.
“Балалар “Синий трактор” мен “Маша и Медведь” сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Қазақша балалар контентін жасауда белгілі бір қиындықтар бар. Мәселен, “Балапан” телеарнасының контент жасаушыларға төлейтін қаражаты өте аз болғандықтан, олар тек қазақ тілін қолдау мақсатында көбіне волонтер сияқты әрекет етеді. Сондықтан, осы бюджет арқылы бөлінген қосымша қаражат қазақша контенттің сапасын арттырады деп сенеміз”, - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ депутат әлемдік хит мульфильмдерді аударып, YouTube-қа жүктеу маңызды екенін айтты. Алдымен авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажеттігін еске алды.
Дереккөз: inbusiness.kz
Фото: egemen.kz