Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәжіліс 3 жылдық бюджетті қабылдады

Мәжіліс 3 жылдық бюджетті қабылдады

Мәжіліс “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заңды қабылдады. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасын таныстырды.

Заң жобасы Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттің қағидаларына сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41 және 39,4 АҚШ доллары негізінде белгіленген. Осыны ескере отырып Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды, - деді Үкімет мүшесі.


Фото: baq.kz