Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Егемендігім - елдігім

Егемендігім - елдігім

Ертең елімізде тұңғыш рет «Егемендігім - елдігім» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы басталады.

Мақсаты - Республика күні мен Тәуелсіздік күні мерекесінің маңызын, елдің мемлекетік рәміздерін, жетістіктерін, ұлттық құндылықтарды ақындық өнер арқылы жас ұрпаққа насихаттау. Шараны Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп ұйымдастырмақ.  

Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазы. Айтысқа еліміздің 20 өңірінен 12 мен 18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысады. Екі күн бойы оқушылардың өнерін  депутаттар, белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы бағалайды. Бас жүлде иегеріне қаржылай сыйлық пен арнайы жасалған домбыра табысталады.


Фото: gov.kz