Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды

Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды

Жыл басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесі 58 мектептің білім беру қызметін лицензиясыз жүргізгені анықталды. Олардың 17-сі білім беру қызметін тиісті талаптарға сәйкестендірді.

Лицензиясыз қызмет жүргізген мектептерге  айыппұл салынады. Бұл білім беру ұйымдары Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.

«ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес барлық мектеп білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдары білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған сәттен бастап қана құқылы. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс»,
- деп атап өтті комитет төрағасы Е.Дәуенов.

Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптарға тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогикалық құрамның болуы, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуы, сондай-ақ білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру кіреді.


Фото: zakon.kz