Қазақстан мен Ресей Үкіметі бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырмақ
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді, оның барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
Өнеркәсіп кооперациясы саласында бүгінгі таңда $18,6 млрд-қа қазақ-ресейлік 99 жоба іске асырылды. Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.
Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау жоғары қарқынмен дамып келеді. Осыған байланысты автокөлік және теміржол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ су көлігі саласында жаңа баламалы бағыттар ашуға көңіл бөлінуде.
«Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға және барлық бағыт бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.