Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде малды бақылаусыз жаюға тыйым салынады

Елімізде малды бақылаусыз жаюға тыйым салынады

Елімізде малды қараусыз жайылымға жіберуге болмайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

- Мал ұрлығымен күресті күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Соның бірі ретінде үй жануарларын жаю ережелері қабылданғаны туралы айтуға болады. Ережеге сәйкес малды бақылаусыз жаюға тыйым салынады, - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифинг барысында.

Оның айтуынша, ережені әзірлеуде өңірлердің ерекшелігі ескерілді. 

- Жайылым ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Былтыр 38,5 мыңнан астам мал жаю ережесін бұзу жағдайы тіркелді, - дейді ведомство өкілі. 

Фото: inform.kz