Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Активтерді қайтару: Жетісу облысында жаңа мектеп салынады

Активтерді қайтару: Жетісу облысында жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан облыстың Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысына 1,4 млрд теңге бөлді.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір елді мекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Бұл ретте оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі мәселесін және мектепте орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 тұрғын бар.

Бүгінгі таңда Үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.


Фото: Үкімет