Елімізде су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды.
Ол наурыз, сәуір айлары әдеттегіден жылы болатынын әрі еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түсетінін атап өтті. Бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді.
Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар.
Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.
Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.
«Биыл «Қазгидромет» алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының ең жоғары мәндері, қауіп аймағында орналасқан елдімекендерді көрсете отырып болжамды басталу күндері көрсетіледі. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса «Қазгидромет» 2-3 тәулік бұрын ескертеді», - деді Ерлан Нысанбаев.