Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында 120-дан аса ұсыныс тіркелді

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында 120-дан аса ұсыныс тіркелді

Бурабайда өтіп жатқан IV ұлттық құрылтайда төрт секция отырысының екеуі аяқталды. Онда қазақ мәдениеті мен руханияты, азаматтық қоғамның дамуы талқыланады.

Барлығы 100-ден астам құрылтай мүшесі қатысып, нақты ұсыныстар айтты. Әлеуметті толғандырған өзекті мәселелерге тоқталды.

IV Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаеваның мәліметінше, бүгін түске дейін «Азаматтық қоғам» және «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбында 2 секция жұмысын жасады. Нәтижесінде 120-дан аса ұсыныс келіп түсті.