Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр

Су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр

Елімізде су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын Talsim ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

— Биылғы жылы су тасқыны жағдайын болжау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Алғаш рет «Tasqyn» жүйесі пайдаланылды. Қазіргі уақытта жүйеге күн сайын «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын реттейтін 86 су қоймасы жұмыс режимі бойынша ақпарат енгізіледі. 75 өзеннің сандық гидрографы әзірленді, онда «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның деректері мен GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесі негізінде нақты және болжамды су деңгейі мен ағыны көрсетілген, — деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министр судың келу көлемін болжауға арналған ақпараттық жүйе іске қосылып жатқанын айтты. 

Фото: inform.kz