Дәстүрлі емес медицина саласын заңмен реттеу қажет - Б.Жексенбай

Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай дәстүрлі емес медицинаны заңмен реттеу мәселесін көтерді.
Депутаттың айтуынша, дәстүрлі медицинаға жүгінетіндер саны артқан. Аталған салада заң жүзінде жауапкершілік көзделмеген. Сондықтан науқастың денсаулығына зиян келген жағдайда зардап шеккендердің құқықтарын қорғау үшін нақты механизмдер жоқ.
«Дәстүрлі емес медицина саласында заңдық тұрғыдан реттеудің болмауы бірқатар мәселе тудырады. Науқастарға дәлелденбеген немесе қауіпті емес емдеу әдісін қолдану денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл денсаулық сақтау саласына қосымша ауыртпалық тудырады», - деді Бибігүл Жексенбай.