Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жексенбі күні елордада бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді

Жексенбі күні елордада бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында 4 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Astana Cup» классикалық ат шабысы мен бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді.

Аталған додаға Қазақстанның барлық өңірінен бәйге аттары қатысады деп күтілуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 120 000 000 теңге.

«Ауыздығымен алысқан сәйгүліктер классикалық ат жарысы саналатын ұшқыр бәйгеде төрт қашықтық бойынша бақ сынайды: 1200 м, 1600 м, 1800 м және 2000 м. Сонымен қатар, 12 шақырымдық «топ» бәйге мен 18 шақырымдық «аламан» бәйге де өтеді. Айта кету керек, жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қаржылай сыйақы шығындары, яғни жүлде қоры демеушілер есебінен жүргізіледі», — дейді қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі және «Ұлттық спорт қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастыруда.

Айта кетейік, жүйріктер додасының ашылу салтанаты 4 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді. 

Көрермендер үшін кіру тегін.


Фото: inform.kz